Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.
Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен «Ұлы жібек жолының» ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.
Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.
Сонымен бірге, Түркістан қазақ хандығының және басқада сұлтандықтар мен хандықтардың астанасы болған орда жұрты.

Play Video

«Керуен сарай» туристік кешені – Түркістандағы кереметтер нысандардың ішіндегі ең ғажайыбы.Аумағы 188 гектар жерді алып жатқан ерекше қалашықтың ішінде бес жұлдызды қонақ үйлер, су бетіндегі театр, аттар шоуы өтетін амфитеатр, кинотеатр, қиял-ғажайып балалар ойын алаңы, сауда орындары мен мейрамханалар орналасқан.
Келген туристер мен қонақтар кешен ішін қайықпен аралайды. Бұдан бөлек, Бәйтеректің басындағы Самұрық құстың жұмыртқасы сияқты, жаңа технологияның көмегімен, 8 D форматта халқымыздың тарихына әсерлі саяхат жасайтын театр-музей бар.
Шығыс үлгісінде салынған кешен киелі шаһарға келетін меймандардың сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.

19
e1b318a67182e19e2d38dc9284cca1f3

Виртуалды тур