Түркістан - әлемдік туризм орталығы

«RIXOS» қонақ үйі -


Ұлы Жібек жолындағы ежелгі қала – Түркістан, бүгінде сәулет ескерткіштерін, жанданған базарлар мен орта орта ғасырлық бейнесін сақтай отырып, қарқынды дамып, заманауи қаланың көрінісіне ие болып келеді.
Жаңа бес жұлдызды қонақ үйдің ашылуы облыс орталығы үшін маңызды оқиға, қаланың туристік және іскерлік әлеуетін дамыту үшін тамаша мүмкіндік.
Дизайны, заманауи техникалық жабдықтары, орналасқан жері жобаның айрықша ерекше етіп тұр. Мінсіз қызмет, қонақтардың жүректерін жаулап алуға деген ұмтылыс, қызметтің жоғары сапасына кепілдік - Rixos қонақ үй желісінің басты қағидасы.
Халықаралық деңгейдегі қонақ үй кешені Түркістанның басты көрікті жері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын жерде орналасқан, қаланың ескі және жаңа бөлігінің ортасындағы алтын көпір.
Қонақ үй заманауи стильде жасалған. Қақ ортадағы көркем элементі – тайқазан. Бірлік пен қонақжайлықтың символы. Қонақ үйдің ішкі көрінісі жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп жатқан бай тарихы бар ежелгі қаланың жайлы атмосферасын бейнелейді.
7 қабатты қонақ үйде 121 жаңа бөлме бар, олар заманауи стильде жаңа технологиялармен безендірілген. Апартаментер ауданы 30-дан 270 шаршы метрге дейін. 5 түрлі санаттағы бөлмелер - супериор, жартылайлюкс, жанұялық люкс, король люксі және президент люксі болып бөлінеді.
Сондай-ақ, спа орталықтар, банкет және конференц-залдар, мейрамханалар мен барлар бар. Түркістан қонақтары мен тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жобаның бір бөлігі ретінде қонақ үй жанына сауда ойын-сауық орталығы салынады.
Жалпы ауданы 17000 шаршы метрді құрайтын төрт қабатты кешенде супермаркет, фуд-корт, кинотеатр, ойын алаңы, сондай-ақ сауда жасауға арналған сауда алаңдары бар.