Біз туристік қызмет көрсетудің ең заманауи технологияларын табысты қолданамыз. Біздің жақсы демалысты ұйымдастыруға барлық мүмкіндіктеріміз бар: бізде тамаша мамандар тобы, сенімді серіктестер және әлемді көргісі келетін клиенттерімізге пайдалы болуға ниет бар.

Конгресс-холл Конгресс-холл ғимараты үш қабаттан тұрады. Концерттер, театрландырылған қойылымдар, басқа да іс-шаралар өткізетін арнайы залдары бар. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сыртында бейнеленген мозаика типтес безендірілген ғимараттың жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды. Оның ішінде пайдалану аумағы 13 мың шаршы метр. Еуропалық аппаратуралармен қамтамасыз етілген. Конгресс-холл дүниежүзілік сапа стандарттарына сай көпсалалы бағытта қызмет көрсету арқылы шаһардың өсіп-өркендеуіне үлес қосады.

Яссауи мешіті Түркістан қаласында орналасқан жұма мешіті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 160 м жерде, қылуетпен қатар орналасқан. Ол бір бөлмелі, шаршы пішінді, солтүстік және шығыс жақтары қасбеттерімен іргелес бастырмасы бар құрылыс. 1980 жылы мешіт үйі қайта қалпына келтірілді. Ғимарат сипаттамасы Шикі кірпіштен қаланған. Бөлменің ішкі қабырғалары мен қасбеттері сыланған. Шатыры жайпақ, топырақпен жабылған. Бөлме ішіне ойық тіреуіштің көмегімен қабырғаға және орталықта тұрған 8 қырлы діңгекке тірелетін сәндік арқалық көрік береді. Діңгек пен бөлме төбесі қошқыл қоңыр түсті бояумен боялған. Көгеріс өрнектері бар орамды әшекей жапсырмалар түріндегі түрлі түсті суреттер жиектеме тақтайларында сақталып қалған. Мешіт бөлмесіндегі бұйымдар жоғалып кеткен. Бастырмадағы 4 қуыс үстіңгі жағында жұп көгершіні бар анар шоғы бейнеленген көгілдір түсті өрнекпен сәнделген. Төбесінің биіктігі 4 м-ге жуық, есік-терезелері үлкен, едені ағаш. Жиекшелері мен қабырғаларындағы бедерлер мешіттің қаладағы елеулі құрылыс болғанын білдіреді

Этнографиялық орталық Тарихи-мәдени этнографиялық орталық — Түркістан қаласында орналасқан тарихи-этнографиялық мұражай, қазақ халқының мұрасы мен рухани қазынасының қайнар көзі саналатын этноорталық.

Яссауи мұражайы Қожа Ахмет Ясауи кесенесiнің өзі ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ретінде басты құндылығымыз болуымен қатар, музей қорының негізін қалаған, Әмір Темір дәуірінен сақталған ортағасырлық құнды жәдігерлеріміз «Шырағдандар», қақпа, қапсырма есіктері, 1989 жылы тұғырына қайта оралған «Тайқазан», қазақтың хандары мен би-батырларының басына қойылған мәрмәр тастар және т.б. жәдігерлер жалпы саны 50 дана жәдігерді сақтап бізге жеткізген киелі орын, тарихи ескерткіш. Кесенеде сақталған бұл құндылықтардың барлығын 1958 жылдары жинап, тізімін жасаған сол кездегі алғашқы қор сақтаушы кейіннен 1980-83жж. музей директоры болған, мәдениет қайраткері Орынбай Дастанов.

Амфитеатр Түркістан тұрғындарының игілігіне амфитеатр ғимараты қызмет көрсете бастады. Өткен жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстары басталған ғимарат қазан айында аяқталған. 1000 орынға лайықталған заманауи кешеннің жалпы көлемі 2 241 шаршы метрге тең. «Рухани-мәдени орталық» аумағы 0,55 гектар. Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне орай республикамыздағы өзге облыс әкімдіктері жаңа облыс орталығына бір-бір ғимараттан салып, сыйға тартатын болған. Соның бірі –амфитеатр Маңғыстау облысы әкімдігінің сыйы. 📌Болашақта өткізілетін іс-шаралар: Түркістан қаласын - түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру; - Шет елден келген туристерге ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау; - Ашық аспан астында Облыстық, Республикалық, Халықаралық фестиваль, қоғамдық саяси іс-шаралар, театрландырылған қойылымдар сахналанып, концерт пен түрлі мәдени салтанатты шаралар ұйымдастыру; - Түркістан облысының мәдениеті мен өнерін дамыту; - Жас таланттарға қолдау көрсету(Жастар кеші);

Музыкалық субұрқақ Әуенді субұрқақтың көлемі 3891 шаршы метрді құрайды.

Түркістан жастар сарайы
Түркістан қаласында жастар жылына орай, алғаш рет көпфункционалды заманауи, жаңа үлгідегі «Жастар ресурстық орталығы» ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне, облыс әкімі Ж.Түймебаев пен ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Ж Жұлдыз Омарбекова арнайы барды. 200-ден астам белсенді жастар бас біріктірген жиында игі жобалар паш етілді.
Бұл орталық жастардың біліктілігін ғана арттырып қоймай олардың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. Себебі ғимарат жанында спорт алаңы бар. Салтанатты шарада Түркістан қалалық әуесқой футбол командаларының турнирі басталды. Өңір басшысы бұқаралық спортқа бет бұрған спортшыларға оң бағасын берді.

ДРАМА ТЕАТР Драма театр 4 қабаттан тұрады, ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынған. 510 адамға арналған көрермен залы, арнайы автотұрақ орны бар.

Түркістан арена
7 мың орындық стадион қажетті қондырғылармен толық қамтылған. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған. Бұдан басқа, мәдени-спорттық іс-шаралар, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілмек.

Шығыс моншасы Шығыс моншасы — Түркістан қаласындағы архитектура ескерткіш. Жартылай жер астына салынған көп күмбезді құрылыс, күйдірілген шаршы кірпіштен қаланған. Қасбеттерінің сәндік әшекейлері жоқ, қабырғалары кірпіштен қаланған. Көлемі жағынан әр қилы 9 бөлмеден тұрады, олардың атқаратын өзіндік қызметі мен салыну уақыты жағынан ерекшелігі бар. Үйдің ішкі бөлігі құрамында: «балқы» күмбезімен жабылған моншаға кіре беріс бөлме, басты жуынатын зал – ортасында 8 қырлы тапшаны бар 8 қырлы зал, ыстық және салқын суағарлары бар залдар, т.б. орналасқан. Ыстық залда сылауға (массажға) арналған кең тапшан бар. Су суағарлар арқылы келеді. Моншаның іш жағы сыланған. Тапшандар мен едендері 1,5×0,8 м көлемдегі мәрмәр қалақтастан жасалған. Құрылымы дәстүрлі Oрта Aзиялық тәсілдегі қақпа үстіндегі күмбездерін, «балқы» күмбездерін, қорапты жабындыларды бейнелейді. Түтін жүретін көмейі мен жылытатын құрылым еден астына орналасқан. Оттықтан шығатын жылу басты залдың 8 қырлы тапшаны астына орналасқан күмбезді дөңгелек көмейге ағылып келеді де, осы жерден шеңбер секілді арналар жүйесі арқылы басқа бөлмелерге тарайды. Арналарда жылудың таралуын тез қамтамасыз ететін құдықтар бар. Кір су едендердің еңкіш төсемелеріне жиналып, сыртқа ағып кетеді. 1979 жылы ескерткіш қалпына келтірілді.