Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері). Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен - 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде - Түрікменстан - 380 км, Өзбекстан - 2 300 км және Қырғызстан - 980 км, ал шығысында - Қытаймен - 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы - 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.
Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.
2015 жылдың 1 қаңтарында елдегі тұрғындар саны - 17 417 447 адам бұл әлем бойынша 63-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.
Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,7%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%. Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.
Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
Қазақстан Республикасы - унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр), 168 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

Уйкипедиядан алынған